Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Астанада қоғамдық көлік жүргізушілері бір-бірімен жаға жыртысты.

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 1219
Фото - Caravan.kz

Жұрттың көзінше төбелескен қызу қанды жігіттердің бұл қылығын жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Бір-бірін жұдырықтап жатқан Елордадағы нөмері 39 бен 120-ншы бағыттағы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары. Шанхай базарының жанында төбелес шығарған олар жолды бөлісе алмай, бір жағы жолаушыларға да таласқан сыңайлы.


Жиналған жұрт бір-бірін төпештеп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, қызу қанды жігіттер бой берген жоқ. Біраз тартыстан соң екі жақ полиция шақырмай, жан-жаққа кетіп қалыпты. Автопарк басшылығы да тентек қызметкерлеріне тек ескерту берумен шектелген.

Соңғы жаңалықтар