Астанада аялдамада ер адамды ұрып-соқты деген күдікті ұсталды
![]() |
Елордалық полицейлер автобус аялдамасында ер адамды ұрып соққан күдіктіні ұстады. |
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Жедел тергеу шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталып, 30 жастағыер адам ұсталды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Астана ІІД Сондай-ақ полицейлер зардап шеккен ер адамды да іздестіріп жатыр. Осыған дейін, әлеуметтік желіде видео пайда болған еді, онда белгісіз біреу автобус аялдамасында болжаммен егде жастағы ер адамды ұрып соққаны түсірілген. Астана ІІД баспасөз қызметі осы дерекке қатысты ешкімнің полицияға келіп, арыз бермегенін айтады.
Оқи отырыңыз:
Наразы топ Шахановты Жазушылар одағынан шығармақ
Ерке кино түсіріп жатыр. Продюсер де, басты рөлді сомдаушы да өзі
Жанар Айжанова: "Ернар! Сен әбден фонограммаға мініп алғансың"
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін