Астанада балаларды балабақшаға қабылдау басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада балаларды балабақшаға қабылдау басталады

Астанада балаларды балабақшаға қабылдау басталады

Жыл сайын балабақшалардан мектеп жасына жеткен балалар кеткен соң 3000-ға жуық орын босайды. Аталған мекемелердің меңгерушілері босаған орындарға қабылданатын балалардың жасы мен саны көрсетілген өтінімдер беред

  • 11 Мамыр 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

Айта кетейік, жалпы орындар санының 20-25% жеңілдікті кезек бойынша өтетін балаларға беріледі, қалғаны 2-6 жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл әр жастағы балаға 600-700 жуық орынды құрайды.

Астана қаласының Білім басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша, биыл балаларды қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейінгі аралықта өтеді. Содан кейін ата-аналарға балабақшаға жолдамалар беріледі. Жұмыс комиссиясы баланың жасына қарай кезектілік бойынша қабылдайды. Мысалы, 2012 жылы туған балаларды қабылдау 2-5 маусымда; 2011 ж.т. — 9-12 маусымда; 2010 ж.т. — 13-16 маусымда; 2009 ж.т. — 18-19 маусымда; 2008 ж.т. 23-24 маусымда жүргізіледі.


Жұмыс комиссиясы №61 орта мектепте сағат 15.00-18.00 аралығында күніне 300 адам қабылдайды. Жеңілдікті санаттар бойынша азаматтар құжаттарын үстіміздегі жылдың 25 мамырына дейін тапсырулары керек. Ал кешіккен жағдайда құжаттар тек келесі қабылдау кезінде, яғни 2015 жылы ғана қаралатын болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті болып отыр. Өйткені, жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850-900 балаға) артуда. Сонымен қатар, халықтың елордаға көшіп келуі де ұлғаюда. Жыл басында мұндағы халықтың өсімі 4369 адамды құрады.