Астанада бас шыршаның шамдары жағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

19 желтоқсанда елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті.

  • 20 Желтоқсан 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұзайдындар мен сырғанақтар жасалып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады", — деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек салтанатты шарада.

Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген, атап айтқанда 750 метр гирлянд, 360 жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.


Соңғы жаңалықтар