Жарияланды: 400

Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан парламентінің мәжілісі депутатының сайлауы өтуде

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан Халқы ассамблеясынан парламент мәжілісінің депутатының сайлауы өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері сайлау бюллетеньдерін алып, дауыс беруге кірісті. Депутаттықтан жалғыз үміткер Олег Дымовқа сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50%-дан астамының дауысын жинау қажет. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 қазанда Орталық сайлау комиссиясы, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған, шығып қалған депутатының орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ұсынған Олег Григорьевич Дымовты кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады. Ал бұған дейін ассамблеядан сайланған депутат Виктор Цой өз өтініші бойынша депутаттық өкілеттіліктен бас тартты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін