Астанада белгілі суретші Бақтыбек Талқамбаевтың жеке көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада белгілі суретші Бақтыбек Талқамбаевтың жеке көрмесі ашылды

Астанада белгілі суретші Бақтыбек Талқамбаевтың жеке көрмесі ашылды

Астанадағы Қазіргі заманғы өнер мұражайында белгілі суретші Бақтыбек Талқамбаевтың «Эволюцияға қызмет ету» атты көрмесі ашылды.

  • 14 Қараша 2012
  • 359
Фото - Caravan.kz

Көрмеде Б.Талқамбаевтың 1986-2012 жылдар аралығында салынған 32 туындысы ұсынылған. Оның шығармалары таңбалы өрнектен құрылған композициялардан тұрады. Мұражай директоры Нелли Шивринаның айтуынша, суретшінің арт-студиясында әр жастағы адамдар суретпен, кескіндемемен айналыса келе өз бойларындағы сырқаттардан арылуға жол табады екен. Осылайша, ол еркін шығармашылық жүйесіне сүйене отырып, жүйкені қалпына келтіру әдістемесін жасады. Көрменің өзгешелігі де осы. Оның айтуынша, бұл әдісті Жапония, АҚШ және бірқатар Еуропа елдерінің ғалымдары қабылдаған.

«Көрмедегі жұмыстар авангардтық бағыт, абстракциялық ағымда салынған. Оның Алматыда, Астанада және Шымкентте бірнеше мыңдаған шәкірттері бар», — дейді Н.Шиврина көрменің ашылу салтанатында.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бақтыбек Омарұлы Талқамбаев 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Мәскеу сәулет институтының сәулет факультетін, КСРО Суретшілер одағы жанындағы Е.Роземблюмнің дизайн орталық оқу-әдістемелік студиясын бітірген. Қылқалам шебері ұзақ жыл бойы қолданбалы өнердің сан түрлі саласында жемісті еңбек етіп келеді. Ол қазақы үйге қажетті есіктер, кебежелер, ыдыс-аяқтарды ағаштан ойды. Сәулетші ретінде Шымкент қаласындағы бірқатар ғимараттардың жобасын жасады. Оның көптеген өнер туындылары Жапония, АҚШ, Франция, Болгария, Норвегия және ТМД елдерінде жеке коллекционерлердің қорында сақтаулы.

Соңғы жаңалықтар