Астанада биіктен құлаған тағы бір жұмысшы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада биіктен құлаған тағы бір жұмысшы  қайтыс болды

Астанада биіктен құлаған тағы бір жұмысшы қайтыс болды

Астанада құрылыс алаңында биіктен құлап кеткен альпинистердің тағы біреуі көз жұмды.

  • 13 Қазан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге зардап шегушілердің денсаулығына қатысты пікір білдірді.

«12 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға құрылыс алаңынан биіктен құлап кеткен 3 зардап шегуші түсті. Үшеуіне де көптеген жұмсақ тін жарақаты, қабырғасының, жамбас сүйектерінің, мойын сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы, шок және жоғары дәрежелі травматикалық жағдай диагноздары қойылды», — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Зардап шеккендер жансақтау бөлімдеріне жатқызылып, алған жарақаттары бойынша хирургиялық және қарқынды ем жүргізілді.

«Көптеген ауыр жарақаттың салдарынан 12 қазанда сағат 17:40-та зардап шегуші – 1999 жылы туған азамат қайтыс болды. Бүгінде тағы екі зардап шегуші – 1999 және 2002 жылдары туған екі жас жігіт жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр», — деді олар.

Соңғы жаңалықтар