Міне, темір шынжырмен байланған әйелдер. Наразы топ министрлер үйі мен Парламенттің жанындағы алаңға бет алып барады. Алайда, діттеген жеріне жете алған жоқ. Айналаны жіті бақылап тұрған сақшылар шынжырға маталғандарды әдеттегідей көліктеріне сүйреп алып кетті. Түрлі ереуілмен күллі елге танымал болған келіншектер бұған дейін де өздерін Парламенттің кіре берісіндегі қоршауға шынжырмен байлап тастаған еді. Содан кейін олардың мәселесіне депутаттар араласып, сүрілетін саяжайларды пәтер бағасымен теңестіріп, өтемақыны қайта қарауды ұсынған-ды. Алайда, одан мәселе шешілген жоқ.