Астанада боран: Қар жинау жұмыстарына 2800 арнайы техника жұмылдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада боран: Қар жинау жұмыстарына 2800 арнайы техника жұмылдырылды

Астанада боран: Қар жинау жұмыстарына 2800 арнайы техника жұмылдырылды

Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 2795 бірлік арнайы техника қар жинау жұмыстарына тартылды, соның ішінде 775 самосвал, 294 соқа-щетка жабдығы бар трактор техникасы, 288 тиегіш, 112 сыпыру машинасы және т.б. 2400 жуық жұмыскер қала көшелеріндегі қарды тез тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. 

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 530
Фото - Caravan.kz

Нысандарды қардан тазалау үшін ведомствоға қарасты ұйымдардан қосымша жұмыс күші тартылды. Қарды полигонға апару үшін түнде жұмыс істейтін бригадалар құрылды.

Үстіміздегі жылы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша, қар полигонына 816 742 текше м қар шығарылды, 15 371,5 текше м құм-тұз қоспасы төселді.

Синоптиктердің болжамдарына сәйкес, бүгін елордада күн бұлтты, қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы минус 5-7°С болады.

Ертең, 30 желтоқсанда Астанада күн ала бұлтты болады, қар жауады, боран, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 7-9°С, түнде — 10-12°С суық болады.


31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 8-10°С, түнде — 15-17°С дейін төмендейді, деп хабарлайды astana.kz.

Соңғы жаңалықтар