Астанада бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты сот басталды

Астанада бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты сот басталды

Астанада кезекті атышулы процесс басталды. Сот алдында Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүслім Өміраев жауап беріп жатыр. Мемлекеттік тендерді ұтып беру үшін кәсіпкерден 100 мың доллар пара алды деп айыпталған шенеунік өзінің ақтығына сенімді секілді. Бірақ ашылып ештеңе демеген ол, кінәсіздігін немен дәлелдейтінін айтқан жоқ.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz

8 айдан бері изоляторда отырған Мүслім Өміраев бүгін сыр алдырмады. Бір әріптесі төбе көрсетуге жарамаған сотқа, үйіне кәмелет жасына толмаған төрт баласын тастап келіншегі келген. Сондықтан экс-шенеунік жұбайының алдында қобалжығанын білдірмеуге тырысып бақты. Ал сөз тиген бойда кінәсін мойындаудан бас тартты.

Мүслім Өміраев, сотталушы:

—  «Ірі көлемде пара алды» деген тағылған айыпты мойындайсыз ба?  

— Жоқ.

—  Толығымен мойындамаймын.

40 жастағы Өміраев, былтыр қыста өз пәтерінде 100 мың долларды санап алып жатқан жерінде құрықталған болатын. Параны  алматылық кәсіпкерден алған. Өз кезегінде экс-шенеунік оған  мемлекеттік тендерді ұтып беруге уәде етеді.   Ал саудаға аусыл дертіне қарсы егілетін ветеринарлық препараттар түсіпті.  Бір қызығы егін шаруашылығына ғана жауапты вице-министрдің бұл тендерге араласуға ешқандай құқы болмаған. Тергеу материалдарына сүйенсек, параны берумен Өміраевтың туған балдызы айналысып, ортада делдал болған. Тіпті 100 мың доллардан бөлек, алғашқы ауызбастырық ретінде 7 миллион теңгені жездесіне Астанаға жеткізіп берген де сол  екен.

Қыздығой Ергешбаева, мемлекеттік айыптаушы:

-Сол ақшаны Астана әуежайынан Өміраевтың жеке көлік жүргізушісі  күтіп алған. Ол қаннен қаперсіз сөмке толы миллиондарды бастығының үйіне апарып берген.

Қаржы полициясы  пара алу сәтінде тұтқындаса да,  бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрінде   өзінің  сүттен ақ, судан таза екенін дәлелдейтін айғақтары бар сияқты. Бірақ айыпталуышының мүддесін қорғауға кіріскен 3  адвокат та Өміраевтың өзі де, ол туралы  тілшілерге жақ ашқан  жоқ.

-Бүгінгі сотқа "тендерді ұтамын " деп соңында  Өміраевтың үстінен қаржы полициясына шағымдануға мәжбүр болған  кәсіпкер яғни негізгі куәгер келмей қалды. Шатылып жатқан осы орынбасары ұсталғанда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бағыныштысының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Енді Мамытбековтың сыналар шағы таяп келеді. Ал айыптаулышының айыбы дәлелденсе, кемі 10 жылға абақтыға жабылуы мүмкін.