Жарияланды: 20

Астанада демалыс күндерін қалай өткізуге болады

Астанада демалыс күндерін қалай өткізуге болады

Алдағы уикендта Нұр-Сұлтанда елордалық командалардың қатысуымен бірден екі матч өтеді. Бұл демалыс мәдени-ойын-сауық іс-шараларынсыз қалмайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін "Көрме" залында SuluExpo 2019 сұлулық индустриясының 18-ші халықаралық көрмесі басталды. 

Қонақтарды республикалық ауқымдағы чемпионаттар, өңірлік деңгейдегі конкурстар, өзекті тақырыптар бойынша конференциялар күтуде. Танымал шеберлердің қатысуымен барлық бағыттағы мастер-кластар, Қазақстан мен Ресейдің үздік сұлулық сарапшыларының оқу семинарлары, тренингтер көрменің сәнін кіргізеді. Сонымен қатар, көрме алаңында өз саласының беделді мамандарының форумдары, сондай-ақ директорлар мен сұлулық индустриясы мамандарына арналған «Sulu Boom» лотерея ойыны өтеді. Іс-шара 9 қарашаға дейін жалғасады, билетті баратын күні тіркеу орнынан алуға болады. 

Сенбі, яғни 9 қараша күні "Сарыарқа" велотрегінде "Астана" президенттік баскетбол клубы мен Цмоки-Минск баскетбол клубы кездеседі. Жанкүйер қауымды қызықты ойын күтіп тұр. Себебі бұл екі команданың арасындағы теке-тірес әрдайым тартысты өтеді. 

"Астана – Цмоки Минск" матчына билеттерді онлайн сатып алуға болады, құны 200 теңгеден басталады. Ойын уақыты 15:00-де. Күндіз "Астана Арена" стадионында футболдан "Астана" командасы Павлодардың "Ертісімен" кездеседі. Қазақстан премьер-лигасы аясында өтетін ойын 10 қараша күні сағат 15:00-де басталады. Билет құны – 500 теңгеден. 

Сол күні кешке Бейбітшілік және келісім сарайының залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатовтың "Тұрсынбек Қабатов 40 жыл" атты жеке әзіл-сықақ концерті өтеді. Әзіл кеші сағат 18:00 басталады. Билеттің ең төменгі бағасы – 3000 теңге.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін