Астанада «Диалог өнері» халықаралық көрме жобасы жүзеге асырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Диалог өнері» халықаралық көрме жобасы жүзеге асырылып жатыр

Астанада «Диалог өнері» халықаралық көрме жобасы жүзеге асырылып жатыр

2024 жылы 20-22 мамырда Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей апталығы» аясында Тұңғыш Президент музейіндегі іс-шаралар легі жалғасып келеді.

  • 22 Мамыр
  • 8
ФОТО: fnn.kz

Аптаның тақырыбы «Музейлер, білім және ғылыми зерттеулер». Ол мәдени институттардың біртұтас білім беру тәжірибесін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін көрсетеді және саналы, тұрақты және инклюзивті/алуан түрлі әлем құруға итермелейді.

Биыл 20-22 мамыр аралығында «Диалог өнері» халықаралық көрме жобасы аясында Тұңғыш Президент музейі халықаралық педагог-суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шаралар өткізіледі: көркем пленэрлер, шеберлік дәрістері, «Музей – көркемөнер қауымдастықтары: өзара іс-қимыл және интеграция тәжірибесі» коллоквиумы. Сондай-ақ «Менің елімнің бейнесі» көрмесі ашылды. Іс-шараларға Ресей мен Қазақстанның педагог-суретшілері, Қазақстан Суретшілер одағы мен дизайнерлер одағының мүшелері, Қазақстандағы балалар көркемсурет мектептерінің оқушылары, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр. 

«Менің елімнің бейнесі» көрмесінің мақсаты Ресей мен Қазақстанның мәдени және білім беру мекемелері арасындағы шығармашылық әлеуетті қолдау және тәжірибе алмасу, педагог-суретшілер мен музей аудиториясы арасындағы ынтымақтастық пен диалог үшін платформа құру.

Көрмеге Ресей, Қазақстан, АҚШ, Украина, Үндістан, Сербия және Чехия халықаралық педагог-суретшілер одағы мүшелерінің 70-тен астам шығармашылық жұмысы қойылған.

Көрме болашақ ұрпаққа маңызды көркем месседждерді қалыптастыратын заманауи күнделікті өмірдің бейнесі мен нышанын танытады.

Педагогтардың, олардың тәрбиеленушілерінің шығармалары халықаралық педагог-суретшілер одағы мүшелерінің авторлық ізденістері мен шешімдерінің, көркемдік және педагогикалық жетістіктерінің жан-жақтылығын көрсетеді.

Көрме 2024 жылдың 21 маусымына дейін жұмыс істейді. Осы көрмеге барғысы келетіндер мына нөмірлерге хабарлассын:

— 70 83 31; 8 (775) 104 55 33; 8 (747) 146 67 31.

Ұнайды0

Соңғы жаңалықтар