Жарияланды: 850

Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы туралы ақпарат тарататын баспасөз орталығы ашылды

Елордасында Конгресс-Холл сарайында дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы туралы ақпарат тарататын баспасөз орталығы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

150 орынға есептелген баспасөз орталығы журналистердің жұмыс істеуіне қажетті барлық жабдықпен, атап айтсақ, 25 компьютермен, портативтік компьютерлерді қосуға арналған 125 арнамен, көшіру техникасымен, сондай-ақ, халықаралық, қалааралық және факс байланысымен қамтамасыз етілген. Баспасөз орталығы қызметкерлерінің хабарлауынша, орталық Интернет желісі мен электрондық пошта байланысымен тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Орталық залында орнатылған монитор арқылы құрылтай аясындағы барлық елеулі оқиғалар тікелей трансляцияланатын болады. Баспасөз орталығының мәліметіне жүгінсек, құрылтайға дүниежүзінің 20 елінен 100 шетелдік журналист пен Қазақстандық БАҚ-тардың 300 өкілі аккредитацияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін