Астанада Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Астанада Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті, 20-отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 618
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, отырысқа қатысушылар ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мәселелерін, агроөнеркәсіп кешені субъектілері кәсіпорындарын кредиттеу үшін кредиттеуге қол жетімділікті арттыру бөлігінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қарады, сондай-ақ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның жергілікті атқарушы органдармен жұмысы барысын талқылады.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов іс-шаралар, оны іске асыру мерзімі және нақты орындаушылары анықталған, ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды.

«Әзірленген жобаға сәйкес, ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру негізінен мынадай бес бағытқа бөлінген: инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету; «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын жүзеге асыру; қазақстандық кластерлік бастаманы жүзеге асыру; бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды жүзеге асыру; ӘКК (СПК) және мемлекеттік холдингілер жұмысы», — деп көрсетілген отырыс соңында таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еліміздің ішкі ресурсын жұмылдыру қажеттігі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, іс-шаралар жоспарының жобасына мемлекет қатысуымен ұлттық холдингтердің, компаниялар мен мекемелердің сатып алуларда қазақстандық өндірушілердің үлесін арттыру жөнінде жүйелі шаралар енгізілген.

«Мемлекеттік комиссия мүшелері мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтерге 2 күн мерзім ішінде іс-шаралар жоспарының жобасын қарап шығып, тиісті ұсыныстар мен ескертпелер беру туралы шешім қабылдады», — деп атап көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев пен «Қазына» ТДҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Дунаевтың агроөнеркәсіп кешені (АӨК) кәсіпорындары үшін кредиттеудің қол жетімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстары мен шараларын талқылады.

«Қазына» ТДҚ» АҚ-на екінші деңгейлі банктер арқылы кредиттеу ұсынылған тізбеден агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландыруға арналған қаражатты орналастыруы негізделген келісім-шарт жасасу тапсырылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қазақстандық өндірушілермен ішкі рынокты отандық өсімдік майы өндірісімен қамтамасыз ету туралы меморандумды бекіту тапсырылды», — деп көрсетілген құжатта.

Сонымен қатар, мемлекеттік комиссия мүшелері өңірлердегі шағын бизнес субъектілері үшін несиелеуге қол жетімділікті арттыру жөніндегі кейбір шараларды талқылады.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік жобаларды бірлесіп қаржыландыруы үшін осы мақсатқа жергілікті атқарушы органдар тарапынан бөлінетін қаражатты 100 пайыздық сомасына дейін қаражат бөлу жүктелді, — деп атап көрсетті үкіметтің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті