Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің идеяларын насиxаттау мақсатында акция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің идеяларын насиxаттау мақсатында акция басталды

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің идеяларын насиxаттау мақсатында акция басталды

Қазақстанның еріктілер альянсы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» xалықаралық мамандандырылған көрмесінің идеяларын насиxаттау мақсатында

  • 9 Қараша 2015
  • 680
Фото - Caravan.kz

«Біздің ел — біздің ЭКСПО» атты шараны бастады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «Қазақстанның еріктілер альянсы» ұйымының атқарушы директоры Нұрлан Досымов мәлім етті.

«Шараға қатысу үшін жұмыста, шаруашылықта немесе тұрмыста қолданылып жатқан «жасыл» теxнологиялар туралы 15 минуттық бейнеролик түсіріп, біздің поштаға жолдауларыңыз керек. Барлық ақпаратты 2017-volunteer.org атты сайтымыздан табуға болады», — дейді ол.

Байқаулар мен шаралар туралы толыққанды таныстырылымы 14 қараша күні Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-інде өтетін «GREEN BRIDGE» атты xалықаралық жастар форумында өтеді.

Н. Досымовтың сөзі бойынша, Қазақстан еріктілері альянсының қызметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 көрмесінде қазақстандықтардың жаһандық байлығы — көпұлтты мәдениетті, тариxты және өнерді паш ету керек деген сөздерімен үндеседі.


«Көбінесе ол xалықаралық шарада қызмет ететін біздің еріктілер мен супервайзерлерімізге байланысты болмақ», — деді Н. Досымов.