Жарияланды: 400

Астанада екі су құбырындағы апат жойылды

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада екі су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмыстары сағат 20.15-те, ал екіншісіндегі - сағат 17.45-те аяқталып, су толық жіберілді, деп хабарлайды ТЖМ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Желтоқсан көшесінде 24 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 150 миллиметрді құрайтын су құбырының жарылуы салдарынан Желтоқсан көшесіндегі екі үйдің, Бөгенбай даңғылындағы бір үйдің тұрғындары, №2 балалар ауруханасы мен музыка мектебі сусыз қалды. Сондай-ақ, Астананың №2 ықшамауданында апат болды. 25 қарашада сағат 03.10-да диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан №2 ықшамаудандағы бес, №2 "а" ықшамаудандағы екі үйдің тұрғындары, №30 орта мектеп пен №59 балабақша су ала алмай қалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін