Астанада екіқабатты автобустар үш күн бойы тегін жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада екіқабатты автобустар үш күн бойы тегін жүреді

Астанада екіқабатты автобустар үш күн бойы тегін жүреді

Экскурсиялық автобустар 29, 30 маусым және 1 шілде күндері тегін қатынайды

  • 28 Маусым 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Астана тұрғындары мен қонақтары ертеңнен бастап үш күн бойы екіқабатты экскурсиялық автобустармен тегін саяхаттайды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығына орай, 29, 30 маусым және 1 шілде күндері елорда тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" автобустарымен Астананың сол жағалауын тегін аралайды.

"Экскурсия "AiLand" (океанариум) ойын-сауық орталығы мен "Hilton Astana" қонақ үйінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде жүргізіледі)", — делінген елорда әкімдігінің ресмисайтында.

Экскурсияны тек бір тілде тыңдағысы келетіндер өзімен бірге құлаққап алып келуі керек. Серуен кезінде құлаққап берілмейді.


Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99.

 

Соңғы жаңалықтар