Астанада Елбасының қатысуымен мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған кеңес басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасының қатысуымен мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған кеңес басталды

Астанада Елбасының қатысуымен мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған кеңес басталды

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған республикалық кеңес басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 387
Фото - Caravan.kz

Жиынға сондай-ақ, ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, парламент палаталарының жетекшілері, президент әкімшілігінің қызметкерлері, парламент және үкімет өкілдері, орталық мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, облыс әкімдері, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің аумақтық органдарының басшылары қатысып отыр.

Кеңесте мемлекеттік мамандар іріктеу саясаты саласында 1999-жылдан бері жүзеге асырылып жатқан жаңартулар қорытындысы талқыланып, мемлекеттік қызметті жетілдіру саласындағы алдағы басымдықтар айқындалады деп күтілуде.
ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің мәліметіне жүгінсек, 2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер саны 89 мың 925 адам болған. Олардың орташа жасы 38,5 болса, орташа еңбек өтілі 9 жылды құрайды. Мемлекеттік қызметкерлердің 58,5 проценті әйелдер (2000-жылы 54 процент болған). Қазіргі жағдаймен мемлекеттік қызметте 64 ұлт өкілі жұмыс істеуде (2001-жылы 52 ұлт өкілі болған). 60 мың 72 мемлекеттік қызметкер жоғары білім игерген (74 проценті) , олардың 3306-сы бірден көп жоғары білімді мамандар, 729 адамның ғылыми дәрежесі бар.
2003-жылы еліміз бойынша 26 мың 862, 2000-жылы 16 мың 634 бос жұмыс орнын иемденуге байқау жарияланған. Былтыр бір орынға орта есеппен 2,7 адам таласса, 2000-жылы 2,1 адамнан келген.