Астанада еліміздің білікті гепатологтары бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада еліміздің білікті гепатологтары бас қосады

Астанада еліміздің білікті гепатологтары бас қосады

[wpcode id="1694287"] Қазақстанда гепатит ауруының алдын алу үшін мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс. Орталық комуникациялар қызмет

  • 13 Желтоқсан 2016
  • 535
Фото - Caravan.kz


Қазақстанда гепатит ауруының алдын алу үшін мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс. Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас гепатологы Күлпаш Қалиасқарова осындай ұсыныс айтты, деп хабарлады 24.кз

 Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы алдағы 14 жылда аталған дертті жер бетінен мүлде жойып жіберуге қам жасаймыз деп жар салған еді. Ал Қазақстанда С гепатитіне 400-дей адам шалдыққан. Соның үштен бірі қайғылы қазаға ұласып жатыр. Осыған орай 16 желтоқсанда еліміздің тәжірибелі гепатологтары елордада бас қоспақ. Онда бауыр ауруынан айықтыру мен операция жасаудың жаңа тәсілдері талқыға салынады. Ауқымды шараға АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Италия, Оңтүстік Корея секілді елдердің білікті мамандары да келгелі жатыр. Әділбек Мұқажанов, Ұлттық онкология және трансплантология орталығының хирургия департаментінің жетекшісі: — Қыркүйек айында 6 жасар балаға бауыр трансплантациясын жасадық. Бұл туыстық трансплантацияның алғашқысы болды. Содан бері біз 3 жыл бойы трансплантациямен айналысып келе жатырмыз. Осыған дейін 27 бауыр трансплантациясын жасадық. Оның 9 мәйіттік трансплантация болды.

 

Соңғы жаңалықтар