Астанада емші ем көрсеткен бір жасар сәби қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада емші ем көрсеткен бір жасар сәби қайтыс болды

Астанада емші ем көрсеткен бір жасар сәби қайтыс болды

[wpcode id="1694287"] Астанада бір жасар бала емшіден ем алғаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық пр

  • 13 Сәуiр 2017
  • 546
Фото - Caravan.kz


Астанада бір жасар бала емшіден ем алғаннан кейін қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Есіл ауданының Ішкі істер басқармасына Қытай медицинасын насихаттайтын жеке клиникада ем алған 2016 жылы туылған сәбидің Астана қаласы әкімшілігінің МҚКК "Қалалық жұқпалы ауруларға арналған балалар ауруханасында" "Бауыр циррозы" диагнозынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама түскен. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, кәмелетке толмаған сәбидің ата-анасы медициналық көмек алуға қытай медицинасын насихаттайтын халық емшілеріне, яғни жеке клиникаға бала организіміндегі лейкоциттерді төмендетуге келіп, сол жерде бала бес күн тамырға инфузия алғандығы, үйінде қытай өнімінен биологиялық активті қоспаларды күніне екі рет қабылдағаны анықталды", — деді баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты аудан прокуратурасы Астана қаласы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылайтын Департаментпен (ары қарай-Департамент) бірлесе отырып, тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша Департаментке жеке клиниканың медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы сұрақпен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. "Өз кезегінде, Департаментпен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жеке клиниканы медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы әкімшілік іс жолдады. Соттың қаулысымен ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 294 970 (130 АЕК) тенге айыппұл мөлшерінде мемлекеттің кірісіне төлеу және де осы кодекстің 463-бабы 1-бөлігі бойынша 56 725 тенге (25 АЕК) айыппұл мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау затын тәркілеуінсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
 

Соңғы жаңалықтар