Астанада ерекше аквапарк ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ерекше аквапарк ашылады

Астанада ерекше аквапарк ашылады

Ересектер мен балаларға арналған бірегей жасанды су айдыны -  «Думан» ойын-сауық орталығы күмбезінің астында болады. Нысан алдағы шілде айында пайдалануға беріледі және елордадағы жалғыз жабық аквапарк болады деп күтілуде. Сауық кешеніне түрлі аттракциондары бар су паркі, шешіну бөлмелері, моншалар мен демалыс және тамақтану орындары орнатылады.

  • 8 Маусым 2017
  • 202
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метр.

Су паркінің бірінші қабатында қауіпсіздік деңгейі жоғары жеті төбешік пен екі бассейн болады. Судың температурасы 32 градустан жоғары болмайды. Бассейннің біріне жобалаушылардың ұсынысымен толқын әсерін тудыратын қондырғы орнату жоспарланып отыр. Бұл демалушыларға теңіздің толқынын сезінуге мүмкіндік береді.

Меймандарға жайлы болуы үшін парк аумағына жылы едендер мен климат бақылау қызметі орнатылады. Екінші қабатында СПА аймақтар, моншалар мен хауыздардың бірнеше түрі ашылады.

Бұдан бөлек парктің айналасында ағысы шамалы және қатты «жалқау өзендер» жасау көзделген. Паркте бір мезгілде 1,5 мың адам  демала алады.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтар паркке келіп уақытын жайлы өткізе алады. Оларға арнап екінші қабатқа еш қиындықсыз көтерілуі үшін жеделсаты орнаттық», — деді мердігер компанияның өкілі медиа орталықтың тілшісіне.


Аквапарк толығымен стандарттарға сай сапа талаптарына жауап бере алады. Бұл отбасымен жайлы әрі қауіпсіз демалуға мүмкіндік береді деді ол.

Бұған дейін Астана әкімдігінің медиа орталығы шілде айында елордада айналмалы аттракцион ашылады деп хабарлаған болатын. Аттракцион -Қазақстандағы ең биік дөңгелек болады. Биіктігі 65 метрлік нысан алматылық аттракционнан 5 метрге үлкен. 

Соңғы жаңалықтар