Астанада ескі сүрілген үйлердің орнына саябақтар салынады – Әсет Исекешев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ескі сүрілген үйлердің орнына саябақтар салынады – Әсет Исекешев

Астанада ескі сүрілген үйлердің орнына саябақтар салынады – Әсет Исекешев

Астана әкімдігі елорданың 20 жылдығына орай қала аумағын жаппай көгалдандыруға екпін беріп отыр.

  • 27 Мамыр 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Астана әкімдігі елорданың 20 жылдығына орай қала аумағын жаппай көгалдандырып, тұрғындарға ыңғайлы кеңістік пен отбасылық демалыс орнын жасауға екпін беріп отыр, деп хабарлайды Today.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қаланың оң жағалауын саябақ пен гүлзарларға бөлеу біз үшін өте маңызды. Ескі сүрілген үйлердің аймағын біз коммерциялық нысандарға берместен (тұрғын үй, мейрамхана, қонақ үй), тұрғындардың өтініші бойынша ол жерлерге балалар мен үлкендерге арналған спорт алаңы бар гүлзарлар мен бульварлар саламыз. Осы жылы оң жағалауда 13 гүлзар, келесі жылы 5 гүлзар жайқалып тұрмақ. Ботаникалық бақ пен Линейный саябағы, "Арай" саябағын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуға таяп қалды. Жалпы алғанда 18 объектіге 85 балалар ойын аттракционы мен 115 спорт тренажері, 18 футбол, баскетбол, теннис алаңы, 17 км веложол, 30 фонтан кешені, 12 километр жүгіру жолы, 2 скейт-алаң салынады. Осының бәрі қалалық ортаның сапасын жақсартатынына сенімдімін", – деді Әсет Исекешев жұмыс бабымен қала аумағын аралау барысында.

Астана әкімі жауапты тұлғаларға 1 шілде 2018 жылға дейін 7 саябақ пен гүлзардың құрылысын аяқтауды, ал жыл соңына дейін алтауын, 2019 жылы 5 гүлзар мен бульвардың құрылысына кірісу керектігін тапсырды. Осы айтылған саябақтар мен гүлзардың бәріне 120 гектар жер бөлінді.

Осы және келесі жылы астанада салынатын әрбір саябақ пен бульварлар белгілі бір стильмен өрнектеліп, арнайы тақырыпқа сай жасалынады. Елорданың мерейтойы қарсаңында Біржан сал көшесіндегі № 5 үйдің маңайына салынып жатқан гүлзардың құрылысы аяқталады.


Құрылыс барысында гүлзар "Чемодан саябағы" деген атау алды, себебі оның аумағы темір жол вокзалынан алыс емес және шағын архитектуралық формасы чемодан үлгісінде салынуда. Автордың ойынша мұнда балалар темір жолы пайда болмақ. Сол себепті құрылысшылар рельсті төсей бастады.

2019 жылы Астанада тағы 4 гүлзар мен бір бульвар ашылады. Оның бәрі де Молдағұлова көшесінде пайда болады. Жобаның авторы шағын архитектуралық форманы жануарлар мен өсімдіктер түрінде орналастырып шығады. Қалған гүлзарлар Жеңіс даңғылы, Есенберлин, Желтоқсан көшелерінде жасалады. Жаңа бульвар Жеңіс даңғылы қиылысы мен Жангелдин көшесінде салынады.

Соңғы жаңалықтар