Астанада Еуразиялық одақтың болашағы қызу пікірталасқа себеп болды
Астана әлемдік сарапшылардың пікір сайыс алаңына айналды! Мұнда Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен алғаш рет Астана клубының отырысы өтті. |
Алғышқы жиынға АҚШ, Қытай, Германия, Ресей, Иран секілді ердердің 50-ден астам өкілі қатысты. Олар экономика саласының саяси салмағы бар тіс қаққан сарапшылары. Талқыланған тақырып та өзекті. Орталық Азиядағы экономикалық ахуалды реттеу, Ресей мен Батыс арасындағы санкциялар соғысын тоқтату мәселелері көтерілді. Өйткені, мұның кесірінен біраз елдерде дағдарыс дендеп тұр. Бұдан бөлек, Сириядағы жағдай мен әлемге лаңкестерден төнген қауіп те назардан тыс қалған жоқ.
Сұлтан Әкімбеков, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының директоры:
-Қақтығыстар мен дағдарыс барлығын ушықтырып тұр. Біз соның барлығын реттеуге себепші болуымыз керек. Астана клубының пікір сайыс алаңын сол үшін құрып отырмыз. Осы жерде барлығы бір мәмлегеге келуі керек.
Иван Тимофеев, Ресей Федерациясы халықаралық істер кеңесінің директоры:
-Өзекті мәселелерді талқылап шешу жолдарын қарастырып алдық. Осындай ашық пікірсайыс ұйымдастырған Қазақстанға рахмет. Біз әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі жаңғыртуға мүдделіміз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін