Жарияланды: 30

Астанада ішіп алған полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астанада ішіп алған полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

Мас күйінде адам қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен полицейдің ісі бойынша ішкі қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Астанада жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды деп хабарлайды 

"Астанада 7 қазан күні ішімдікке тойып алған полиция қызметкері жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақаттанған адам ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті сол күні қолға түскен. Сот санкциясы бойынша ол 2 айға қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге, ішкі қызметтік тексеріс жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша ұсталған полицейдің жетекшілері қатаң тәртіптік жазаға тартылады, олар жұмыстан шығарылуы да мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть