Жарияланды: 560

Астанада KAZSAT-1 жер серігімен байланыстың үзілу себептерін зерттеу және оның жұмысын қайта жандандыру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы өтеді (толық нұсқасы)

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ағымдағы жылдың 18 қарашасында KAZSAT-1 жер серігімен байланыстың үзілу себептерін зерттеу және оның жұмысын қайта жандандыру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы өтеді, оған ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник төрағалық жасайды. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның

"Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Астанада ағымдағы жылдың 18 қарашасында KAZSAT-1 жер серігіне қатысты оқыс оқиғаның себептерін зерттеу және оның жұмысын қайта жандандыру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы өтеді. Оған Ресей мен Қазақстанның мамандары шақырылған, олар аталған жер серігімен енді не істеу керек екендігін анықтайды", -деді Т. Мұсабаев. Қазғарыш басшысының айтуынша, қазіргі жағдаймен KAZSAT-1 жер серігі "шығыс бойлықтың 103 градусындағы тұру нүктесіне қайтарылып, жұмыс істей бастады. Ол өзінің тікелей бағытына байланысты жұмыстарды атқара алады. Әрине, жер серігінің барлық блоктары мен жүйелері қалыпты тәртіппен жұмыс істеп тұрған жоқ, дегенмен, жер серігі қалпына келтіріліп жұмыс істей бстады", -деді Т. Мұсабаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін