Астанада көлік тұрақтарын басқару жобасы жүзеге асырылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көлік тұрақтарын басқару жобасы жүзеге асырылмақ

Астанада көлік тұрақтарын басқару жобасы жүзеге асырылмақ

Бүгін Елордада «Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасының бірінші кезеңі тесттік тәртіпте бастау алды. 472 орынға арналған көлік тұрағы Нұржол саяжолында орналасқан. Қазіргі таңда көлік ведомствосының мамандары автокөлік иелеріне тариф, төлем тәсілдеріне қатысты тұрақты пайдалану ережелерін түсіндіруде.

  • 19 Маусым 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

«Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасы Елорданың көлік кешендерін жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынып, вокзал маңы, коммерциялық паркингтер, жолдағы тұрақтар бойынша көше-жол желілерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Аталған басқару жүйесі қаладағы көлік қоятын орындарға мониторинг жүргізу үшін, жүргізушілерге бос орындар туралы ақпарат беруге, жол қозғалыс ережесі бұзылған жағдайда және тұрақ орындарына ақы төленбеген кездерде автоматты түрде тіркеу үшін қолға алынып отыр.

Пилоттық жоба құрамына 9 мың көлік қоятын орынды қамтитын көше-жолдардың желісі қарастырылған.  

Аталған жоба жолдың жүретін бөлігінде ұзақ уақытқа қоятын автомобильдерді азайту арқылы көше-жолдар желісіндегі жүктемелерді 20-30% кемітуге, көлік тұрақтарының кеңістігіндегі көрсеткішті 40-50% азайтуға және қоғамдық көліктерге сұранысты 15-20% көбейтуге бағытталған. Сонымен қатар, жоба қала орталығындағы көлік қозғалыстарының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, ЖКҚ оқиғаларын 70-80% дейін азайтып, жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көлік құралдары мен автомобильдердің қозғалысына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деп күтілуде.

Жобаны тестілеу кезінде көлік иелерінен жаңа жүйемен кеңірек танысу мақсатында тұраққа көлікті қою үшін ақша талап етілмейді, дейді жобаны әзірлеушілер.


Еске салайық, автокөлік қозғалыстары тым көп жерлерде ақылы тұрақтарды қою арқылы бірқатар маңызды мәселелердің түйіні шешілмек. Әлемдік тәжірибе бойынша осындай жобалар кептелістің орын алмауы мен жол ережелерінің бұзылу көрсеткішінің азаюына мүмкіндік жасайтын ең тиімді тәсілдердің бірі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары толығырақ ақпаратты Call-орталықтың 8 800 080 28 88 нөмірі арқылы немесе  www.astra-park.com ресми сайттан біле алады.

Соңғы жаңалықтар