деп хабарлайды Астана қалалық ТЖ департантінің баспасөз қызметінен.
«Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері оқиға орнына жеткенде 6 қабатты тұрғын үйдің 4-ші және 5-ші қабаттарының арасында алюкобондтың астындағы қабырғаларды жылытқыш жанып жатқаны белгілі болды. Өрт сағат 13:17-де ауыздықталды», — делінген хабарламада.
Жалын сағат 13:33-те толық сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің аумағы мен шығу себебі анықталуда.
Тілсіз жаумен күреске Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 негізгі, 10 арнайы техникасы және жеке құрамының 50 адамы жұмылдырылған.