Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңға жуық шетел азаматы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңға жуық шетел азаматы анықталды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңға жуық шетел азаматы анықталды

Былтыр Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 5 мың 917 шетел азаматы анықталды.

  • 10 Қаңтар 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елордадағы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат — қа сілтме е жасап. 

«2022 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 5 мың 917 шетел азаматы анықталды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 3,5 мың шамасында болған», — деді А. Жомартова көші-қон тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, былтыр сот шешімімен 1 мың 143 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. 2021 жылы осындай 305 адам тіркелген болатын.

«Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 5 шетелдік елден қуылды. Сонымен қатар, шетелдіктерді Қазақстанға шақырып, олардың мемлекетіміздің аумағында болу ережелерін орындауын қамтамасыз етпеген еліміздің 1 мың 278 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 113 жұмыс беруші жауапқа тартылды», — деді Көші-қон қызметі басқармасының өкілі.


Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы елордада уақытша тіркелген шетел азаматтарының саны өсті.

Соңғы жаңалықтар