Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды

Астанада күмәнді сөмке үшін ХҚКО ғимараты қоршауға алынды

Астана полицейлері Республика даңғылының бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығын қоршауға алды.

  • 8 Қараша 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ғимаратқа кіре алмағандар сыртында жиналып қалды. 

"Қауіпсіздік қызметі иесіз сөмкені тапқан. Күзетші дереу (13:55-те) полицияға хабарласқан. Қауіпсіздік шаралары үшін ғимарат аумағы қоршауға алынып, ХҚКО қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды.

Тексеру барысында қауіпті ештеңе табылмады", — деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Оның айтуынша, полицейлер қоршауды алып тастаған. Әзірше сөмке иесі табылмаған. 


Нақтыланған мәлімет бойынша, ХҚКО штат тәртібінде жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар