Астанада күзетшілер мен құрылысшылар төбелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада күзетшілер мен құрылысшылар төбелесті

Астанада күзетшілер мен құрылысшылар төбелесті

Қалалық ІІД өкілдері елордалық ЖОО территориясындағы жанжал туралы пікір білдірді.

  • 27 Қыркүйек 2017
  • 205
Фото - Caravan.kz


Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қарағанда, университет территориясындағы төбелеске 20 шақты адам қатысқан. Жазбадан былапыт сөз бен айғайды естуге болады. "Екі жұмысшының (Қазақстан азаматтарының) құрылыс нысанында дене жарақаттарын салуға қатысты арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", — деді Астананың ішкі істер департаментінің өкілдері. Полицияның мәліметінше, күзет қызметкерлері мен құрылысшылар бастапқыда сөзге келіп қалған, кейін төбелескен. Күдіктілер анықталып, жедел тергеу шаралары жүріп жатыр
 

Соңғы жаңалықтар