Астанада менингитке шалдыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада менингитке шалдыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр

Астанада менингитке шалдыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр

Менингит Астананы да меңдей бастады. Үш жарым жасар бала алдын ала осындай диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен.

  • 30 Мамыр 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz


Ал кішкентай науқас дертті Алматыдан жұқтырып келген болуы мүмкін, деп хабарлады КТК арнасы

— Баланың жағдайы ауыр болып есептеледі. Баланы аурухананың жансақтау бөліміне жатқыздық., дейді Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Роза Өтегенова

Баланың ауруханаға жеткізілген сәттегі температурасы 38 градустан асып кетіпті. Қазіргі уақытта онымен жақын қарым-қатынаста болған 14 адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Бесеуі отбасы мүшелері болса, қалған тоғызы бассейінде бірге шомылған адамдар. Дәрігерлердің айтуынша, ұл бала бір айдан астам уақыт бойы Алматыда болып, бір апта бұрын ғана оралған екен. Сонда жүргенде менингитпен ауыратын адаммен байланыста болғаны анықталыпты. Ел аумағында биылдыққа осы аурудан 8 адам көз жұмған. Тағы бір екі жарым жасар қыз бала екі күн бұрын Талдықорғанда шетінеп кетті. Аурудан сақтану үшін еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин тұрғындарды ақылы екпе алып, бетперде тағып жүруге шақырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар