Астанада менталды ауытқуы бар адамдарға жұмыс берілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада менталды ауытқуы бар адамдарға жұмыс берілуде

Астанада менталды ауытқуы бар адамдарға жұмыс берілуде

Елордада әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров әлеуметтік шеберханасында менталды ауытқуы бар азаматтарды кәсіпке баулып отыр. Бүгіндеаталған санатқа жататын үш азамат оқытылып, тұрақты жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

  • 13 Қыркүйек 2017
  • 217
Фото - Caravan.kz

«Психо-неврологиялық диспансердің емдеу-өндірістік шеберханасында орналасқан ағыш-темір ұстаханасында жүйке ауруына шалдыққан азаматтар үш айлық оқу курсынан өтіп жатыр. Сегіз айдың ішінде үш науқасты оқытып, үшеуі де тұрақты жұмысқа қабылданды. Жақын арада тағы екеуін аламыз деп отырмыз. Күн сайын ағаштан түрлі бұйымдар жасау арқылы науқастарды оқытамыз. Кеңселік жиһаздан бастап тұрмыстық қажетті заттар мен үй жабдықтарын жасаймыз»,- деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров.

Оның айтуынша менталды ауытқуы бар азаматтардың оқытылып, жұмысқа қабылдануы бұрын соңды Астанада болмаған. Өкінішке қарай жұмыс берушілер тарапынан ондай азаматтарға сұраныс жоқтың қасы.

«Менің білуімше елордада бес мыңға жуық жүйке дертіне шалдыққан азамат бар. Психо-неврологиялық диспансердің емдеу-өндірістік шеберханасында 113 азамат тіркеуде тұр. Олардың ешқайсысы ресми жұмысқа тұрмаған. Сондықтан мәселе бар, ал оны шешу қажет. Біз, әлеуметтік кәсіпкерлер бұл мәселені шешу жолын қарастырып жатырмыз», — дейді Э.Әскеров.

Әлеуметтік кәсіпкерліктің ерекшелігі әлеуметтік әлжуаз топпен жұмыс істегендіктен, бұл салада қиындықта аз емес.


«Ең біріншіден бұл азаматтарға ерекше тәсіл керек. Оның үстіне оқу меңгерімі де баяу әрі төмен. Тіпті, кейде кеше өткен оқуды күн сайын қайталауға тура келетін кездер болады. Ең қиыны бұл азаматтарды оқытатын шеберлер аз. Себебі, кез келген адам науқастармен жұмыс істеуге келісе бермейді. Қуантатыны жұмыстың нәтижесі көзге көрініп тұр. Жұмыс барысында әлеуметтендіру және бейімдеу процессі жүреді. Жігіттер бір-бірімен тіл табысып, ашыла түсіп, өзгере бастайды. Дос тауып, ең бастысы маңдай терімен ақша табады»,- деп түйіндеді сөзін әлеуметтік кәсіпкер.

Кәсіпкердің шеберханасында ағаштан түрлі жиһаздар мен балабақшаға қажетті бұйымдарды жасауды жолға қойды. Болашақта Монтессори оқу құралдарын жасауды көздеп отыр. Себебі, Мария Монтессори әдісімен оқыту құралдарын елімізде жасайтын бірде-бір шеберхана жоқ.

Соңғы жаңалықтар