Астанада монша өртеніп, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада монша өртеніп, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Астанада монша өртеніп, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Бүгін түнде 02:25-те Астана қаласы Қ. Сәтбаев көшесіндегі (бұрынғы Мирзоян) 17 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің

  • 6 Қаңтар 2014
  • 279
Фото - Caravan.kz


(«Нұр Отау» тұрғын үй кешені) цокольдық қабатында орналасқан «Демалыс» моншасынан өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің ақпараттық орталығынан хабарлады.

Тілсіз жау 03:39-да тіркеліп, 03:51-де сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы, Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы мен жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр жер отқа оранды. 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 15-і балалар. Бәрі де дін аман.