Тәжікстан мемлекет басшысының аппараты KZ-today ақпараттық агенттігінің тілшісіне Эмомали Рахмоновтың бас қосуға қатысатынын растай отырып, алдағы саммиттің күн тәртібінде Орталық Азия аймағындағы төрт мемлекеттің өзара ықпалдастығын пәрмендендіруге қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралатынын атап өтті.
«Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымы — Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымының заңды ізбасары. «Орта-Азиялық ынтымақтастық» ұйымын құру туралы келісімге ұйымға мүше Орта Азиядағы төрт мемлекет — Қазақстан , Қырғызстаны, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының мемлекет басшыларының Алматы саммитінде 2002 жылғы 28-ақпанда қол қойылды.