Астанада өтіп жатқан экшн-фильмдер фестивалінен репортаж! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтіп жатқан  экшн-фильмдер фестивалінен репортаж!

Астанада өтіп жатқан экшн-фильмдер фестивалінен репортаж!

Астанада экшн-фильмдер фестивалі өтуде. Оның салтанатты ашылуы  Астана күніне арналған мерекелік шаралардың бастауы болды. Биыл екінші мәрте өткелі отырған кино мерекесіне әйгілі режиссер Тимур Бекмамбетов басшылық етеді. Фестиваль бұл жолы да талай жұлдыздардың басын қосып отыр. Олардың ішінде отандық актерлермен қатар Стивен Сигал, Арманд Ассанте, Егор Кончаловский сынды әлемдік деңгейдегі кино жұлдыздары бар.

  • 2 Шiлде 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

Кино мерекесін өткізуге биыл Бейбітшілік және келісім сарайы таңдалып алынған. Ғимаратқа кірер  қызыл кілем төселген. Астаналықтар бұл жолы да фестивальдің арқасында бұған дейін тек экраннан көріп жүрген сүйікті кино майталмандарын бетпе-бет көруге мүмкіндік алды. 

Фестиваль  халықаралық деңгейдегі шараға айналғандай. Ұйымдастырылу жағы ешкімдікінен кем емес. Бір қарағанда бұл жиын құдды бір Голливудта өтіп жатқандай әсер қалдырады.

Бекмамбетов бастаған топ биылғы фестивальге біршама өзгерістер енгізген. Өткен жылы мұнда АҚШ, Еуропа, Азия елдерінің режиссерлері түсірген фильмдер сайысқа түскен, ал биыл әлі түсірілмеген жас кинематографистердің сценарийлері бақтарын сынамақ. Қазір  бес шетелдік,  бес отандық жоба  іріктелген. Жеңімпазға туындысын жарыққа шығаруға Бекмамбетовтың «Базилевс» студиясы қолдау жасайды. 


Тимур Бекмамбетов
, кинофестиваль директоры, кинорежиссер:

— Фестиваль соңында таңдалып алынған жеңімпаз туындыны алдағы бір жыл ішінде жаңа кино ретінде жарыққа шығарамыз. Оны түсіруге бәріміз жұмылып атсалыспақпыз.

Өнер мерекесі ресейлік режиссер Егор Кончаловскийдің жетекшілігімен «Қазақфильм» түсірген «Возврашение в А» фильмімен ашылды. Жалпы фестиваль өтетін  бес күн ішінде экшн жанрындағы 20-ға тарта кинокартина ұсынылмақ. Қуанарлығы, олардың қатарында отандық туындылар аз емес. 

Соңғы жаңалықтар