Астанада өткен аптада электр жарығын өшіруге қатысты 11 оқиға тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өткен аптада   электр жарығын өшіруге қатысты   11 оқиға  тіркелді

Астанада өткен аптада электр жарығын өшіруге қатысты 11 оқиға тіркелді

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада өткен жетіде электр қуатын сөндірудің 11 жағдайы "Қалалық электр желілері" АҚ 10кВ электр жүйесінде орын алып, 5 тұтыну желісі бойынша тіркелді деген ақпаратты қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун әкімдікте өткізілген шұғыл жиналыста мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Істен шыққан барлық желілер уақтылы жөнделді. Осы уақыт аралығында қалада 3 өрт тіркеліп, оның шығыны 100 мың теңгені құрады. Ал аман сақтап қалған материалдық заттар құны 1,5 млн теңге», — деп хабарлады әкім орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, 5-11 қараша аралығында Астанада 26 қылмыс тіркеліп, оның 20 ашылған. Орын алған жеті жол көлік апатында 8 адам жарақаттанды. Жол көлік басқармасының полициясы 1746 жол жүру тәртібінің бұзылғанын анықтаған, екенін С. Хорошев құлағдар етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті