Жарияланды: 520

Астанада өткен конфессиялар форумы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қызмет етеді - ҚР президенті

"Бүкіләлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы - Ислам әлемінің ғазиз қайраткерлері мен Иран және Израильдің діни лидерлерін Астанада ортақ келіссөздер үстелінің басында жинауымен бірегей ". Бұл туралы бүгін, 24-қыркүйекте құрылтайдың жабылуынан кейін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Израиль журналисінің араб-израиль шиеленісі туралы сұрағына жауап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

Әр конфессиялар жетекшілерінің арасында өткен осындай диалог таяу Шығыстағы ұзаққа созылған ешкімге қажетсіз жойқын соғысқа қатысушы халықтар арасында болса, сонда ғана өзара түсіністік орнайды,- деді президент. Оның пікірінше, "Израиль, Палестина және араб елдерінің басшылары, дін жетекшілері мен қарапайым халық келіссөздер үстеліне отырып, қарудың үнін тұншықтыру туралы ортақ пәтуаға келуі керек". Н.Назарбаев Астанада өткен конфессиялар форумы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қызмет етеді дегенге сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін