Жарияланды: 480

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында 2003-жылғы республикалық бюджет екінші оқылымда талқылануда

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталып, онда 2003-жылғы республикалық бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар екінші оқылымда талқылануда. Бұл туралы KZ-today тілшісі Астанадан хабарлады.

Отырысқа мәжілістің 67, сенаттың 34 депутаты қатысуда. Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай қажетті кворум қалыптасқанын хабарлады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, алғашқы оқылымда республикалық бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар мынадай көрсеткіштермен қабылданған болатын: бюджеттің кіріс бөлігі бұрын ұсынылғандай 704,3 млрд. емес 710,2 млрд. теңге , шығыс бөлігі бұрынғы жобаланған 787 млрд-тың орнына 793 млрд.теңге , ал бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге көлемінде бекітілген . Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 миллиард теңге зейнетақы бағдарламасын жүзеге асыруға, ал 45,7 миллиард теңге даму институттарын құруға жұмсалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть