Астанада пәтерлерді тонаған ұрылар қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада пәтерлерді тонаған ұрылар қолға түсті

Астанада пәтерлерді тонаған ұрылар қолға түсті

«Сарыарқа» ауданы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында бірнеше пәтерді тонаған ұрыларды ұстады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

  • 1 Қараша 2017
  • 203
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаскүнемдер пәтерге кіретін есіктерді сындыру немесе сәйкес келетін кілтті таңдау арқылы кірген. Олар пәтерлерден алтын бұйымдарды, ноутбуктер мен телевизорларды ұрлаған. 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 және 21 жастағы күдіктілерді  тез арада қолға түсірді. Олар ұрланған заттарды ломбардтарға тапсырған немесе кездейсоқ сатып алушыларға сатқан» — делінген хабарламада.

Ұсталғандар өз кінәсін мойындап отыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың қала аумағында осыған ұқсас жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің бірі бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандар Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Соңғы жаңалықтар