Жарияланды: 20

Астанада полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушінің көлігіне оқ атты

Астанада полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушінің көлігіне оқ атты

Астанада жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетпек болған жүргізуші апатқа ұшырады.

Астанада полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушіні тоқтату үшін оқ атуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі оқиғаға түсініктеме берді.

Жексенбі, 28 қазан күні Instagram-дағы vastane.kz паблигінде жарияланған видеода "Аружан" сауда ойын-сауық орталығының артында полицейлерден қашқан жүргізушінің ұсталғаны жайлы айтылған. Жүргізуші мас болған.

Кейінірек ішкі істер министрлігі аталған видеоға түсініктеме берді.

ІІМ ресми өкілі  Алмас Сәдубаевтың айтуынша, жүргізуші алдымен Жұбанов көшесінде болған апат орнынан, содан кейін полицейлерден қашып кетуге әрекеттенген, алайда тағы бір апатқа ұшыраған. 

Қашқын тәртіп сақшыларының заңды талабын елемеген. Ал көше қиылыстарының бірінде тоқтатпақ болған полицейді көлікпен сүйреп өткен. Осыдан кейін полицейлер доңғалақтан екі рет оқ атуға мәжбүр болады. Дегенмен бұл да көмектеспейді. Ер адам өзге көлікпен соқтығысқан, соның арқасында полицейлер Құдайберді көшесінде автокөлікке тосқауыл қойған, ал екі жол апатын жасаған жүргізуші ұсталды.

ІІМ көлікті қуу кезінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті.        

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін