Астанада полиция айыппұл төлеуден қашып жүргендерді тура жол бойынан ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада полиция айыппұл төлеуден қашып жүргендерді тура жол бойынан ұстады

Астанада полиция айыппұл төлеуден қашып жүргендерді тура жол бойынан ұстады

Астанада жол ережесін бұзып  айыппұл төлеуден қашып жүргендердің көлігі айып тұрағына әкетіледі. Бүгін жол сақшылары мен сот орындаушылары бірігіп рейдке шығып, берешегі бар жүргізушілерді жол бойынан ұстай бастады.

  • 7 Қараша 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

Өйткені бір ғана Астанада жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдың көлемі 800 миллион теңгеден асқан. Бірақ, ереже бұзғандар қарызын төлеуден қашып жүр екен. Берешегі барларды бүгін полиция тура жол бойынан ұстауға мәжбүр болды. Бір қызығы қарызын төлемей қашатындардың көбі қымбат көлікті тақымдағандар. Алайда, алатаяқтылар әй-шәйға қарамаймыз деп отыр. Егер айыппұлын төлемесе, көлігі тәркіленеді. Шошып қалғандары берешегін сол бойда төлеп жатты.

— Мен ақша төлеймін.

— Қазір төлеңіз.

— Жоқ, мен жалақымды алған жоқпын ғой.

— Олай болса, көлікті тәркілейміз.

— Жо,жоқ, қазір төлеймін…. 

Соңғы жаңалықтар