Астанада қала күніне орай 2 мектеп пен 2 балабақша ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қала күніне орай 2 мектеп пен 2 балабақша ашылады

Астанада қала күніне орай 2 мектеп пен 2 балабақша ашылады

Қала күніне орай Астанада жалпы білім беретін 2 мектеп ашылмақ. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

  • 20 Маусым 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz


Мектептер оң және сол жағалауда ашылады. Олардың бірі Түркістан көшесінде орналасқан. Бұл мектеп 1200 орынға есептелген. Екінші мектеп Ш.Қалдаяқов көшесінде ашылмақ. 

Астанада сонымен бірге мектепке дейінгі білім беруді дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Себебі, Астана халқының саны жыл сайын өсіп келеді. Ұзақ кезекте тұрмай, әрбір кішкентай астаналықты мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету үшін елордада жыл сайын жаңа балалар бақшасының да саны көбейіп келеді.

Бұдан бөлек, Астана күніне орай Панфилов және Торайғыров көшелерінің қиылысында үш қабатты 140 орынға шақталған бөбекжай ашылады. Ол 2 жастан 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған. Кішкентай елордалық тұрғындарына Нәжімеденов көшесінің бойындағы 190 орындық «BI Village Comfort» атты тағы бір жаңа балабақша да тосынсый етілмек. Бұл ғимарат та үш қабатты,
Айта кетейік, қазіргі таңда Астананың жалпы білім беру мекемелерінің жүйесінде 83 мектеп бар, оның 71-і — мемлекеттік мектептер, 12-сі — жекеменшік болып табылады. Онда 94 712 оқушы білім алып, 6038 мұғалім жұмыс істейді.

Сонымен бірге қалада 148 балабақша мен 25 шағын орталық бар. Оларға 33 164 бала барады.