Жарияланды: 500

Астанада қар жауып, боран болады

Астанада қар жауып, боран болады

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері ауа райы өзгереді. Қар жауып, боран соғады деп күтілуде.

Скандинавия аумағынан соққан суық циклон Қазақстанға орнауы салдарынан елорда аумағында жауын-шашын күтілуде.

Ертең, 5 қарашада елордада күн ала бұлтты, кейде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдылығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0 - 2°С, күндіз 0+2°С болады.

Жұма күні, 6 қарашада елордада көшпелі бұлт шығып, кейде қар жауып, сырма боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1 - 3°C, күндіз -0°C  төмен болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 8-9 қарашада Астана аумағында батыстан антициклон соғып, ауа температурасы төмендейді, деп жазадые елорданың ресми сайты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін