Астанада қаржы полициясы заңсыз кәсіпкерлігі үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  қаржы полициясы заңсыз кәсіпкерлігі үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астанада қаржы полициясы заңсыз кәсіпкерлігі үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданғаны үшін шетел азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 519
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-тармағының «б» тармақшасы бойынша (аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырған заңсыз кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалды.

«Шетел азаматы лицензиясы жоқ бола тұра, үлеспен қатысу туралы шартқа отыру арқылы үлескерлердің ақшасын тарту арқылы тұрғын үйлер салуға бағытталған кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 11 млн 50 мың теңгенің пайдасын тапқан», -деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті