Астанада қауын-қарбыз тегін таратылады деген ақпарат теріс болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қауын-қарбыз тегін таратылады деген ақпарат теріс болып шықты

Астанада қауын-қарбыз тегін таратылады деген ақпарат теріс болып шықты

Елорда басшылығы мен ОҚО әкімдігі Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында бақша өнімінің тегін таратылуы туралы ақпарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.  

  • 29 Тамыз 2017
  • 556
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, жуырда БАҚ және әлеуметтік желілерде Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері 40 тонна қауын-қарбызды тегін таратудан басталады деген жалған ақпарат таралған, деп жазады қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.  

ОҚО күндері Астанада 29 тамызда басталып, 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Ауқымды іс-шара ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылған. Бағдарламада «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер шеберлерінің көрмесі, концерттер, анимациялық және көркем фильмдердің көрсетілімі күтілуде. Қойылымдарды Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық театр, облыстық орыс драма театры, сатира және әзіл-оспақ театры, қуыршақ театры және  «Оңтүстік-цирк» әртістері қояды. 

Соңғы жаңалықтар