Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы ашылды, оған Елбасы қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы ашылды, оған Елбасы қатысуда

Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы ашылды, оған Елбасы қатысуда

Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумы ашылды, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің алқалы жиынына үкімет басшысы Даниал Ахметов, индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовтар қатысуда. Форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Форум жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан келген 368 кәсіпкер қатысып отыр.

Қазақстан кәсіпкерлерінің тұңғыш форумы президент пен министрлік және мекеме басшыларының қатысуымен 1992-жылы өткізілген болатын. Сол бас қосуда Елбасы Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасын айқындап берді.

Соңғы жаңалықтар