Жарияланды: 400

Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық инвесторлар кеңесінің тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру және елдегі дағдарысты ахуалды еңсеру бойынша мемлекет пен бизнестің ықпалдастығы мәселелеріне арналған отырысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Барлығы сіздермен ақылдасу негізінде сіздердің қатысуларыңызбен жасалады", -деді мемлекет басшысы. Президент былтырдан бастап үкіметтің дағдарысқа қарсы белсенді саясат жүргізіп жатқанын, алайда, "дағдарыстың қазір ел экономикасының нақты секторына кері әсерін тигізе бстағанын, осындай жағдайда жаңа лайықты шараларды қолдау қажет екендігін" атап өтті. "Менің тапсырмам бойынша үкімет басшысы қазір осындай жағдайдан шығуға бағытталған жаңа тұрақтандыру бағдарламасын жасауда. Мемлекеттің мүмкіндігі жеткілікті, және бизнес-қоғамдастықпен бірлескен ырғақты жұмыс арқылы біз әлемдік дағдарыстың қазіргі кері әсерлерін еңсере аламыз және еліміз бен әлемдегі дағдарыстан кейінгі шарықтауға дайындала бастауға тиіспіз", - деді Н. Назарбаев. "Сол себепті осындай шешімді қабылдамас бұрын бизнес-қоғамдастықтың пікірін білу маңызды. Осындай кезеңде біз ел экономикасының, яғни, ел мен халықтың игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз", -деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Мен отырыстың аяғында үкіметтің дағдарыстан шығу үшін не істегелі жатқанын айтып беремін", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін