Астанада «Қазақстан-Корея достық бақшасының» құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қазақстан-Корея достық бақшасының» құрылысы басталады

Астанада «Қазақстан-Корея достық бақшасының» құрылысы басталады

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша,

  • 26 Тамыз 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz


Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді. 

Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Аталмыш бақша «Арай» саябағына қарайтын аумақта, Жауқазын көшесі бойында орналасады. Жалпы аумағы 1,2 га құрайды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың маусым айында басталады деп жоспарланған.
Достық бақшасын құру мақсаты — серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігі мен Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан-Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды astana.kz.

Соңғы жаңалықтар