Атап айтсақ, Кәрім Мәсімов белгілі бизнесмен Мохаммед Аль-Файедпен кездесті.
Олар еліміз экономикасын жаңғыртуға және индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған Қазақстанның ірі инвестициялық жобаларын талқылады.
М. Аль-Файед тұрғын үй құрылысы, көлік-логистикалық орталық, автомобиль жолдары, медициналық орталық пен емханалар, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын дамыту салаларындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін зерделеу үшін келгенін айтты. Бизнесмен сонымен қатар, Қазақстан экономикасының электр энергетикалық, өңдеу, өнеркәсіп секторларына инвестиция тарту мүмкіндіктерін зерттеп көрмекші.
Сондай-ақ, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Thales International» компаниясының президенті-бас директоры Жан-Поль Перьемен кездесті.
Кездесу барысында олар Қазақстанда кәсіби электроникалық өнеркәсіптік өндіріс, ақпараттық-технологиялық және аэорғарыштық жүйені дамыту келешегін талқылады.
Жан-Поль Перье мәлім еткендей, «Thales International» компаниясы Қазақстанның спутниктік жүйесі мен ақпараттық өндірісіне инвестициялық қаражат тарту және қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді өнеркәсіптік-технологиялық әріптестікті орнату ниеті барын жеткізді.
Ал ҚР премьер-министрі мен Сингапурдың Қазақстандағы елшісі Сим Чеок Лимнің кездесуі барысында сауда-экономикалық саладағы екі жақты ынтымақтастықты белсенді жүргізу, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, олар Қазақстан мен Сингапур айтарлықтай жаһандық және өңірлік саясаттағы көкейкесті проблемалар, сондай-ақ халықаралық көптарапты құрылым аясындағы ынтымақтастық жөнінде жалпы позиция ұстанатынын қанағаттанушылықпен атады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті