Жарияланды: 740

Астанада "Қазіргі жағдайдағы тиімді мемлекеттік басқару" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Астанадағы парламент үйінде "Қазіргі жағдайдағы тиімді мемлекеттік басқару" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде,- деп хабарлайды ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметінен.

ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі мен ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясы, Британдық кеңес пен БҰҰ-ның Еуропалық Комиссиясы бірлесіп ұйымдастырған бұл конференция ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бес жылдығына орай өткізіліп отыр. Бас қосуға ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, ҚР ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков, ҚР президенті әкімшілігінің өкілдері, парламент депутаттары, шетелдік ұйымдар өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысуда. Конференция шеңберінде "Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкер этикасы", "Мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың жаңаша әдістері", "Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру", "Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды жетілдіру" тақырыбындағы бес секция ұйымдастырылды. Конференцияның жалпы отырысында Қазақстандағы мемлекеттік қызмет ісінің 10 жылдық тарихы мен болашағына қатысты баяндамалар жасалды. Ұлыбритания, Франция, Испания және Украиналық өкілдер өз елдеріндегі мемлекеттік қызметке қатысты тәжірибесімен бөлісті. Конференцияда мемлекеттік қызметті дамыту мәселелері сарапқа салынып, мемлекеттік қызметкерлерді оқытушы мамандар қазіргі заманғы әдістерге бейімделіп, шетелдедре де дайындалуы тиіс деген ұсыныс жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть